Президент • 29 Мамыр, 2025

Еуропа Кеңесі Қазақстанмен өзара қарым-қатынас жасауға әзір

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсені қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еуропа Кеңесі Қазақстанмен өзара қарым-қатынас жасауға әзір

Фото: Ақорда

Кездесуде Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы еліміздің еуропалық ұйыммен өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады. Президент Әділетті Қазақстан құруға бағытталған саяси реформалардың ауқымды бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы мәлімет берді.

Ален Берсе Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен өзара қарым-қатынас жасауға әзірлігін жеткізді.