
Салтанатты іс-шараға қатысқан өңір басшысының орынбасары Серік Сәлемов, «Алматы қолөнер палатасы» Қоғамдық қорының вице-президенті Дәмелі Жанашева және Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің Азия-Тынық мұхиты бойынша вице-президенті, «Aspara Fashion Week» халықаралық сән апталығының президенті Айдархан Қалиев «Қолөнершілер үйі» хабының лентасын қиды.
Хабтың ашылуы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы аясында жүзеге асырылып жатқан креативті индустрияны қолдау саясатының нақты көрінісі.
«Қолөнершілер үйі» 190-ға жуық шебердің басын қосып, олардың кәсібін дамытуға, өнімдерін нарыққа шығаруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Жаңа орталық Жамбыл өңірінде креативті кәсіпкерлікті, ұлттық қолөнерді және жастар шығармашылығын қолдайтын жаңа орталық болмақ.