Қоғам • 29 Мамыр, 2025

Ақтау теңіз портының басшысы ұсталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ президенті  ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтау теңіз портының басшысы ұсталды

Ол қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды. Оған қатысты тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) жүргізуде. Комитет күдіктінің  не үшін ұсталғаны туралы нақты ақпарат берген жоқ. 

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасына қатысты қылмыстық іс мұнай контрабандасымен байланысты болуы мүмкін. 

Айта кетейік, Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан және халықаралық деңгейде әртүрлі құрғақ жүк, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке және кері бағытта, яғни Иран, Түркия, Ресей, Әзербайжан мен Түрікменстан бағыттарына жыл он екі ай, тәулігіне 24 сағат бойы тасымалдауға арналған.

Бүгінде Ақтау порты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрылымына кіреді және «Жаңа Жібек жолы» жобасының маңызды бөлігі саналады. Порт қызметінің бағытын әртараптандыру арқылы транзиттік, оның ішінде контейнерлік тасымалдарды белсенді түрде дамытып келеді. Сондай-ақ ол Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТМТМ) қатысушысы болып табылады.