
Фото: Ашық дереккөз
Бұл жетістікке 10 000 метрге жүгіру финалында топ жарған Дейзи Джепкемей қол жеткізген. Спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтіп, Азия чемпионатының алтын медалін еншілеген.
Ал екінші орынға жапондық Ририка Хиронака (30:56.32) жайғасты. Үшінші орынға тағы бір жапон спортшысы Микуни Яда (31:12.21) ие болды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымға спорттық жүрістен қола жүлде жеңіп алған болатын.