Қоғам • 29 Мамыр, 2025

«Самұрық-Қазына» жұмысшы мамандардың білімі мен біліктілігіне инвестиция салып жатыр

30 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы жа­риялаған Жұмысшы маман­­­­­­­­­дық­­­­та­­ры­ның жылы аясында және кор­поративтік әлеу­меттік жауап­кершілік шең­­­­­берінде «Самұрық-Қазына» қоры жылдар бойы еңбек адамдарының мәр­тебесін көтеруге ай­рық­­­ша назар аударып келеді. Өйткені ел эконо­­микасының жүрегі – жер қой­науын игеріп, шахтада, зауытта тынымсыз еңбек етіп, күн­де­­­лікті тір­шіліктің діңгегіне айналған осы сала өкіл­­­­де­рінің қолында.

«Самұрық-Қазына» жұмысшы мамандардың білімі мен біліктілігіне инвестиция салып жатыр

Бүгінгі күннің басты міндеті – тек қазіргі жұмысшылардың әл-ауқатын жақсарту ғана емес, сонымен қатар ертеңгі өндіріс көшін алға сүйрейтін жас мамандарды дер кезінде қолдап, оларға сапалы білім мен кәсіби дамуға нақты мүмкіндік беру. Бұл – ел болашағына бағытталған берік әрі ұзақмерзімді инвестиция.

 

Болашақ инженерлердің жеңісі: отандық оқушылар Хьюстонда топ жарды

Өткен айда «Самұрық-Қазына» қолдауымен отан­дық оқу­­­шылар АҚШ-тың Хьюстон қа­­ла­­­­­сында өткен FIRST халықаралық роботтехника чемпионатында ерекше нәтиже көрсетті.

6 мен 18 жас аралығындағы командалар ел намысын абыроймен қорғап, Champions Award және Inspire Award сынды беделді марапаттарды иеленді.

Кейінгі жылдары Қазақстанда инже­нерлік және техникалық білімге қызығу­шылық артып келеді. Бұрын елге небәрі 4 квота бөлінсе, биыл 7 квота ұсынылып, оған Алматы, Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларынан 86 оқушы ие болды.

1000 топ пен 50 000 адамның арасындағы бұл жеңіс – тек оқушылар үшін емес, бүкіл ел үшін үлкен мақтаныш.

 

20 жас үшін 3 жыл тегін: «Samruk Umiti» жобасы оқушыларды қолдады

Жұмысшы мамандықтарын қолдау мақсатында биыл сәуір айында іске қосылған «Samruk Umiti» бағдарламасы Павлодар және Шығыс Қазақстан облыс­тарындағы балалар үйлерінің 100 тәрбиеленушісін қамтыды. Бүгінде олардың 28-і өз болашағын жұмысшы мамандықтарымен бай­ланыстыруға шешім қабыл­дады. Бұл – әлеуметтік осал топ­та­ғы балаларға өмірлік жол сіл­тей­тін мүмкіндік.

ро

Жуырда Өскемендегі ГЭС бойынша ұйымдастырылған сапар барысында «Samruk Kazyna» компаниялар тобы атынан 20 бала «Электрэнергетика» ма­ман­дығы бойынша қаладағы Жоғары политехникалық кол­­ледж­­ге толық мемлекеттік грант­та оқуға жолдама алды. Оқу ақы­сы мемлекет есебінен өте­ле­ді, стипендия – 41 мың теңге, жа­тақ­хана мен үш мезгіл тамақ – тегін. Үш жыл ішінде студенттер кәсіпорында тәжірибеден өтіп, үздіктері тұрақты жұмыс орнымен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Жоба іске қосылғанына не­бәрі бірнеше ай ғана болса да, алғашқы нәтижесін көрсетті. Бұл – «Samruk Umiti» бастамасының қажеттілігі мен тиімділігін дәлел­дейтін нақты қадам.

 

Өңірге оралар білікті мамандар: 177 жас – кәсіп жолында

Маңғыстау облысында жұ­мысшы мамандықтарының мәртебесін көтеріп, өңір экономикасын әртараптандыруға бағытталған бірегей бағдарлама – жастарға нақты бағыт бе­ріп, сенім ұялатқан бастама. «Samruk-Kazyna» қорының қолдауымен үш жыл ішінде 177 жасөспірім еліміздің 10 өңіріндегі техникалық колледждерге оқуға түсті.

2023 жылы алғашқы 2 түлек оқуын тәмамдаса, былтыр бұл көрсеткіш 36 адамға жетті. 38 диплом алған маманның 30-ы жоғары оқу орнына түсіп, 4-і жұмысқа орналасып үлгерді.

Биыл 72 қатысушы колледж дипломын алуға дайындалып жатыр. Олардың тең жартысы – жұмысшы мамандықтар иегері.

Бағдарлама түлектері – бо­лашақ инженерлер, энергетиктер, тау-кен және техникалық сала мамандары. Ал биылғы түлек­тердің таңдауы медицина, инженерия, көлік және қызмет көрсету салаларына дейін кеңейіп отыр. Бұл – жастардың еңбек нарығына бейімделіп, сұранысқа сай шешім қабылдап жат­қанын көрсетеді.

«Samruk Kazyna» ұсынған бағдарлама – жай грант емес, жастарға кәсіпке жол ашатын, өмірлік тәжірибе беретін әлеу­меттік көпір. Өндіріс үшін теория мен тәжірибені қатар меңгерген маман – басты сұраныс. Бұл жоба сол қажеттілікті ішкі ресурспен шешіп, жастарды туған жерде қа­луға ынталандырудың нақты үлгісіне айналды.

 

Кәсіпке бет бұрған 68 үміт

«Samruk-Kazyna Trust» қол­дауымен жүзеге асып жатқан екі бағдарлама аясында бүгінде 277 бала біліммен қамтылып отыр. Оның 68-і – өз болашағын жұмысшы мамандықтарымен байланыстыруды таңдады.

Бұл – елдің өндірістік әлеуе­­тіне қосылған 68 тірек, еңбек адамына деген шынайы құрметтің көрінісі.

Аталған жобалар – жаңа тамыр жайып келе жатқан бас­тамалар. Нақты нәтижелері уақыт өте айқын көрінері анық, өйткені білім мен кәсіби дағ­дыға салынған инвестиция – ең тұ­рақты әрі ұзақмерзімді қай­тарым беретін капитал. Бүгін берілген бағыт пен мүмкіндік ертең тек бір отбасының емес, тұ­тас өңірдің әлеуметтік-эконо­микалық бейнесін өзгерте алады. Сондықтан бұл бастамалар – бір сәттік іс-шара емес, ел болашағына салынған сенімді негіз.

 

Айгерім АҚШОЛАҚОВА