Білім • 29 Мамыр, 2025

55 ереже бұзушылық анықталды

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Негізгі ҰБТ (ұлттық бірыңғай тестілеу) 16 мамыр күні басталған. Содан бері 52 мың адам тест тапсырып үлгерді. Олардың ішінде 163-і – ерекше білім беруді қажет ететін тестіленушілер. Үміткерлердің 66%-ы қазақ тілінде, 33%-ы орыс тілінде және қалған пайызы, нақтырақ айтқанда, 65-і ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

55 ереже бұзушылық анықталды

Сурет: kaz.zakon.kz

Бірінші аптаның қоры­тындысы бойынша талапкер­лердің 62%-ы шекті балл жинады. Бес пән бо­йын­ша орташа балл 61-ді құра­ды. Ең жоғары 140 балды Түркістан об­­лысынан Әбілхан Жәнібек жинады.

Жалпы, тестілеуге қатысуға 216 мың талапкерден 399 мыңға жуық өтініш келіп түскенін еске сала кетейік. Қазіргі таңда тестке қаты­су­шылардың басым бөлігі, атап айт­қанда, 20%-ы «Мате­матика-Физика», 17%-ы «Шы­ғармашылық ем­тихан» пәндер комбинациясын тапсырды. 11%-ы «Биология-Хи­мия» комбинациясын таңдаған.

Талапкерлердің тест тапсыр­маларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қол­же­тімді болады.

Ұлттық тестілеу орталығының дерегіне сүйенсек, ҰБТ-ны өткізудің бірінші аптасында 55 ереже бұзу­шылық анықталды. 26 талапкер смарт­фондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 29 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фак­тілері анықталған жоқ.

2025 жылғы ҰБТ аяқтал­ғаннан кейін 31 қазанға дейін бейне­жаз­баларға талдау жүр­гізіледі. Тыйым салынған заттарды пайда­лану немесе ережелерді бұзу фак­тілері анықталған жағ­дай­да ҰБТ нәтижелері жойылады.