Жастар • 29 Мамыр, 2025

Медиа-мектептің төртінші түлектері

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2021 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын медиамектептің төртінші кезеңі өз мәресіне жетті. Жобаның аяқталуына орай салтанатты рәсім өтіп, қатысушыларға сертификаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Медиа-мектептің төртінші түлектері

Ауқымды жобаны «Қазақстан» рес­публикалық те­ле­ра­диокорпорациясы ұйым­дас­тырып келеді. Медиамектеп бағдарламасы еліміздің жо­ғары оқу орындарының журналистика, цифрлық медианы басқару, қоғаммен байланыс, медиаөнер, кино және телевизия режиссурасы, медиакоммуникация сынды мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттерге арналған. Биыл 104 өтінім түсіп, оның ішінде 48 қатысушы іріктеуден өтті. Сонымен қатар өңірлік жо­ғары оқу орындарынан қа­былданған 23 студент білімді онлайн форматта алды.

– Биыл медиамектепте екі бірдей ерекшелік болды. Біз тұңғыш рет тек Астанадан ғана емес, аймақтардан да білім алушылар жинадық. 14 уни­верситетті қамти ал­дық. Екіншіден, біз тек қана кор­порациямыздың ішін­дегі мықты мамандарды ғана емес, сіздерге дәріс беру үшін сыртта, нарықта жұ­мыс істеп жүрген мықты ме­диа­мамандарды арнайы ша­қырдық. Олар нарықтық тәжірибелерімен бөлісе алды, – деді «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Танысбай.

Медиамектепке іріктелген студенттер еліміздің жетекші оқу орындарының өкілдері. Олардың қатарында: Әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлт­тық университеті, Абы­лай хан атындағы Қазақ халық­аралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Л.Н.Гумилев атын­дағы Еура­зия ұлттық уни­верситеті, Назарбаев уни­верситеті, М.Әуезов атын­дағы Оңтүстік Қа­зақ­стан университеті, Қ.А.Ясауи атын­дағы Халық­­ара­­лық қазақ-тү­рік уни­вер­ситеті, Е.А.Бөкетов атын­дағы Қарағанды зерт­теу универ­ситеті, С.Торайғы­ров атын­дағы Павлодар уни­верситеті және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті бар.

Айта кету керек, медиамектеп студенттері 7 ай бойы ақысыз негізде білім алды. Осы жылы оқуды аяқ­таған студенттерді қоса алғанда, жалпы 129 түлек медиа­мек­тепті тәмамдаған. Олардың бірқатары қазір «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қа­расты телеарналарда қыз­мет атқарып жүр.

 

Ақерке ҚАБДҰЛКӘКІМ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті