Білім • 28 Мамыр, 2025

Алғашқы соңғы қоңырау

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысы Семей қаласында №50 жалпы орта білім беретін AI Semey ІТ-мектеп-лицейі 11 сыныптың 14 түлегі  үшін ерекше соңғы қоңырау салтанаты өтті. Өйткені олар алғашқы түлектер.

Алғашқы соңғы қоңырау

Былтыр салынған жаңа мектепте 48 оқу кабинеті бар: 6 информатика кабинеті, 6 мультимедиялық кабинет, 6 пәндік кабинет (химия, физика, биология), робототехника кабинеті, графика және модельдеу кабинеті, токарлық-слесарлық шеберхана, қыш бұйымдар жасау кабинеті, аспаздық кабинеті, тігін кабинеті және т.б. Мектепте 280 адамға арналған акт залы және 420 орындық асхана бар. 

 «2024 жылы  қазан  айында «KAZ Minerals» компаниясының  көмегімен  жаңа ғимараттың құрылысы аяқталып, 4 қарашадан  білім ордасы ашылды. Мұнда информатика, робототехника, жасанды интеллект пәндеріне басымдылық беріліп, тереңдетіп оқытады. Жаңа салынған мектеп Семей қаласындағы ең ірі заманауи жабдықталған мектептердің бірі. Қазіргі таңда бұл мектепте 2 000 оқушы білім алып жатыр. Бүгін де  білікті ұстаздар мен білімді шәкірттер  қатары  толығып, түрлі салада жетістіктерге жетіп, мектептің беделін көтеруде. Биыл мектепте алғашқы түректеріміз үлкен өмірге қанат қақты», дейді мектеп директоры Айжан Қуанышбаева.

Сонымен қатар мектепте бір үлкен спорт зал және бастауыш сынып оқушыларына арналған шағын спорт-ойын залы жабдықталған. Аумақта футбол, волейбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолы, демалуға және оқуға арналған басқа да құрылыстар салынды.

Абай облысы