Оқиға • 28 Мамыр, 2025

Елордада Кенесары көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 27–29 мамыр аралығында Кенесары көшесінің Ә. Сембинова мен Е. Брусиловский көшелері арасындағы бөлігінде жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада Кенесары көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: Ашық дереккөз

Айта кетейік, аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай тоқтатылады.  Тұрғындар мен қала қонақтарына қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

1

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін көлік қозғалысы қалпына келтіріледі.