
Фото: ашық дереккөз
Шерулер Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Жаңақорған аудандары бойынша білім бөлімдерімен бірлесе ұйымдастырылды. Акция балалар, жасөспірімдер мен жастар бойында психоактивті заттарды тарату мен қолдануға қарсылықты дамытып, салауатты және қауіпсіз өмір салты дағдыларын қалыптастыруға арналған.
Шеруге қатысушылар есірткіге қарсылыққа үндейтін транспаранттарды көтеріп, лек болып өтті. Акция шеңберінде Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасы ұйымдастырған сайыстардың жүлдегерлері өз өнерлерін көрсетті. Спорттық жарыстар, би, суреттер көрмесі ұйымдастырылды.