Үкімет • 28 Мамыр, 2025

«Болашақ» бағдарламасын жетілдіруді тапсырды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

«Болашақ» бағдарламасын жетілдіруді тапсырды

Жиын барысында 189 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендия­сын тағайындау туралы шешім қабылданды. Биыл конкурстық іріктеу жаңа ережеге сай кезең-кезеңімен өтіп жатыр. Оның аясында кешенді тестілеу және жеке сұхбат жүргізілді. Стипендия иегерлерінің 164-і – магистратурада, 10-ы докторантурада бі­лім алмақ. Сондай-ақ 15 аза­мат әлемнің ең үздік уни­в­ерситеттері мен орта­лық­тарында кәсіби тағы­лымдамадан өтеді.

Маман даярлаудың басым бағыттарына ерекше назар аударылды. Яғни сти­пендия иегерлерінің 73 пайызы – жаратылыстану-техникалық, ал 27 пайы­зы қо­ғамдық-гуманитарлық ғы­лымдар бойынша білімін жетілдіреді.

Сондай-ақ отырыста еліміздің атом энергетикасы саласына қажетті кадрлар даярлау мәселесі қаралды.

Жиын соңында Мем­лекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Болашақ» халық­аралық стипендиясын тағайындау бағдарламасын одан әрі жетілдіруге қатысты нақты тапсырма берді.