Жәдігер • 28 Мамыр, 2025

Құбба

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жошы хан кесенесі күмбезінің үстіңгі бөлігі құбба – «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінде тұрған жауһар жәдігерлердің бірі.

Құбба

Құбба – араб сөзі, «күмбез» дегенді біл­діреді. Бұл тұжы­рымды шығыстанушы А.Ива­нов та растайтынын тарих ғылы­мының докторы М.Қожа да құп­тайды. Ол, көбіне, діни және сәулеттік құрылысқа тән. Оны керамикадан, ағаш­тан немесе металдан жасайды. Құб­баның іші қуыс, табан жағы кеңейтілген, жоғары жағы шар үстіне орнатылған ко­нус тәріздес. Мойны мен табан бөлігі белдемше-буынға бөлінген.

1973 жылы Қазақ КСР Мә­дениет министрлігі ұйымдас­тырған Орталық Қазақстан экс­педициясы (М.Сембин, М.Маманбаев, М.Нұрқабаев) ке­зінде күмбездің үстіңгі бөлік құб­басы Жошы хан мазарынан табылған. Күмбез қирағанда құббаның қалдығы сол жерге үйінді болып түскен. 

«Ұлытау» ұлттық тарихи-мә­дени және табиғи қорық-музейінің экскурсия жетекшісі Қымбат Талғатбекқызы:

– Құбба бірнеше элементтен тұрады. Ең төменгі бөлігі күмбездің өзекше өтетін ойығын жабатын төңкерілген тостаған түрінде болған. Астыңғы бөлі­гінің кейбір бөлшектері тү­гел болмағандықтан, музейдің қор бөлімінде сақтаулы. Түсі көк­шіл жасыл түсті, глазурьленген. Күмбез төбесіндегі ойық­қа бірізді сызық арқылы ортасына ағаш өзекше кигізіліп, өзекшені мықты ұстап тұруы үшін ішіне алебастр ерітіндісі толтырылған. Ең жоғарғы бөлігі жоғалған. Үстіңгі бөлігі жарты ай екі мүйіз бейнесінде әше­кейленген, – дейді. 

Топтама 2009–2011 жылдары  Көшпелілердің мәдени мұрасы мә­селелері жөніндегі қазақ ғы­лыми-зерттеу институтында болды. 2011 жылдан «Ұлытау» ұлт­тық тарихи-мәдени және таби­ғи қорық-музейінде сақ­таулы тұр.

Құббаның түпнұсқасы ска­нерленіп, көшірмесі 3D форматта және көшірмесі Жошыхан кешеніне  орналастырылды.

 

Ұлытау облысы