
- Әуесқой бокс тарихындағы ең мықты боксшылардың тізімі жарияланды. Бұл ретте былғары қолғап шеберлерінің жеңісі мен жеңілістері саны есепке алынды. Үздіктер тізімінде Геннадий Головкин екінші орында тұр. GGG өз мансабында 345 рет жеңіске жетіп, 5 кездесуде ғана ұтылды. Көш басында – украиналық Василий Ломаченко. Ол 397 жекпе-жектің тек біреуінде жеңіліс тапты. Үздік үштікті Александр Усик түйіндеп тұр. Украинаның мақтанышы 335 бәсекеде басымдық танытып, 15-інде есе жіберді. Сондай-ақ ТОП-10-дықтың қатарында Феликс Савон (358 жеңіс, 17 жеңіліс), Гильермо Ригондо (374-12), Оскар де ла Хоя (223-5), Теофило Стивенсон (302-20), Дональд Карри (404-4), Ласло Папп (301-12), Рой Джонс (212-13), Ричард Мактаггарт (610-24), Шугар Рей Робинсон (86-0), Кид Чоколате (100-0) сынды жуан жұдырықты жігіттер бар.
- Футболдан Қазақстан чемпионатының 9-тур ойындары мынадай нәтижелермен аяқталды: «Қайрат» – «Оқжетпес» 1:2, «Астана» – «Жеңіс» 4:2, «Оқжетпес» – «Ұлытау» 0:1, «Жетісу» – «Ақтөбе» 2:1, «Қызылжар» – «Елімай» 1:1, «Атырау» – «Қайсар» 1:2, «Тұран» – «Тобыл» 1:2. Талдықорғанда жеңілгеніне қарамастан «Ақтөбе» әлі де көш басында келеді. Олардың еншісінде 25 ұпай бар. Екінші, үшінші орындарда – «Астана» (24 ұпай) мен «Қайрат» (23 ұпай). Ең соңғы орында – «Атырау» (4 ұпай).
- Ресейлік Софья Лансеремен жұп құрған Сандуғаш Кенжебаева Қытайдың Мааньшан қаласында ұйымдастырылған ITF турнирінде топ жарды. Финалда олар Мэйки Го (Қытай)/Пеангтарн Плипуечті (Таиланд) 6:3, 3:6, 10:8 есебімен ұтты. Бұл – Сандуғаштың биылғы маусымдағы төртінші титулы. Бұған дейін қазақ теннисшісі Түркияның Антальясында өткен үш турнирдің жұптық сайысында бас жүлдені олжалаған еді.
- Футболдан еліміздің ұлттық құрамасы 5 маусымда Беларусьпен жолдастық кездесу өткізіп, 9 маусымда әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды. Осы матчтарға бас бапкер Әли Әлиев мына ойыншыларды шақыртты: Қақпашылар – Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»); Қорғаушылар – Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранқұлов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»); Жартылай қорғаушылар – Асхат Тағыберген, Ислам Чесноков («Тобыл»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Айбол Әбікен («Қайсар»), Серікжан Мұжықов, Алмас Түлебай («Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Кошице», Словакия), Дамир Марат, Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Георгий Жуков («Пуща» Польша), Муроджон Халматов, Зикрилло Сұлтаниязов («Ордабасы»); Шабуылшылар – Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»).