Оқиға • 26 Мамыр, 2025

Алматыда ұн зауытында жарылыс болып, бір адам қаза тапты

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарылыс Жібек жолы ауылында орналасқан «Азия Агро Фуд» зауытында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ұн зауытында жарылыс болып,  бір адам қаза тапты

Фото: Видеодан алынған кадр

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа дәнді дақыл қалдықтарынан пайда болған шаң-ауа қоспасының тұтануы себеп болған. Оқиға салдарынан 1300 шаршы метрден астам аумақта өрт шыққан.

Жарылыс салдарынан бір адам мерт болған. Тағы үш жұмысшы ауыр күйік алып, денелерінің 80–90%-ын күйік шалған. Барлығы жедел түрде жансақтау бөліміне жеткізілген.

Қазіргі уақытта апаттың нақты себептерін анықтау үшін арнайы мамандар оқиға орнында тексеру жүргізіп жатыр.