
фото: freepik
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елдің солтүстік бөлігінде байқалған суық ауа райы біртіндеп шығысқа қарай ығыса бастайды. Бұл өңірлерде жаңбырдан кейін ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Кейбір аймақтарда түнгі уақытта үсік жүруі мүмкін.
Дегенмен, суық ауа райы ел аумағынан шыға бастағанымен, солтүстік-батыстан келетін антициклонның әсерінен ауа температурасының айтарлықтай көтерілуі күтілмейді. Түнде ауа райы салқын болады, ал күндіз термометр бағандары 20–25 градус жылыны көрсетеді.
Ал батыс және оңтүстік өңірлерде күн ыстық болады. 29 мамырда күндіз ауа температурасы 30–35 градус ыстыққа дейін көтеріледі.
Астана
27 мамырда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +19…+21°C.
28 мамырда ауа райы ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с жел соғады. Түнде +10…+12°C, күндіз +21…+23°C.
29 мамырда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C.
Алматы
27 мамырда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жел соғады. Түнде +12…+14°C, күндіз +21…+23°C.
28 мамырда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан 3–8 м/с жел соғады. Түнде +11…+13°C, күндіз +21…+23°C.
29 мамырда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жел соғады. Түнде +11…+13°C, күндіз +23…+24°C.
Шымкент
27 мамырда ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жел соғады. Түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C.
28 мамырда ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан 8–13 м/с жел соғады. Түнде +15…+17°C, күндіз +23…+25°C.
29 мамырда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жел соғады. Түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.