Заң мен Тәртіп • 26 Мамыр, 2025

Ата заң – тәуелсіздік тірегі

140 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әр ұлттың жүрегінде жер, ел, тіл, тәуелсіздік деген сынды қасиетті ұғымдар бар. Ал сол тәуелсіздіктің тірегі, оны нақтылайтын және қорғайтын құндылық – Ата заң. Ол – мән-мағынаға толы, тарихи және саяси салмаққа ие ұғым.

Ата заң – тәуелсіздік тірегі

фото: ашық дереккөз

1991 жылы Қазақстан өз егемендігін жариялағаны белгілі.Бұл ғасырлар бойы азаттықты аңсаған халқымыздың арманының орындалуы еді. Алайда тәуелсіздік тек декларациямен шектелмейді. Ол берік негізге сүйенуі тиіс. Міне,  дәл сол негіз 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы. Ата заңымызда Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Бұл ел дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы болды. Конституцияның арқасында адам құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде танылып, әрбір азаматтың өмір сүруіне, білім алуына, еңбек етуіне, өз ойын еркін білдіруіне заңды кепілдік берілді. Сол себепті де Ата заңелдігіміздің айғағы. Ол тек құқықтық құжат емес, ол– мемлекеттіліктің мәйегі. Оның әр бабы халқымыздың еркіндікке жетудегі күресін, болашаққа деген үмітін, әділ қоғам орнатуға деген сенімін бейнелейді.

Конституция ел ішіндегітатулық пен бірліктің де кепілі. Көпұлтты Қазақстанда бейбітшілік пен келісім сақталып,әр азаматтың теңқұқылы болуы осы негізгі заңның арқасында. Ол бізге таңдау еркіндігін, ой-пікір білдіру құқығын, сенім бостандығын сыйлады. Демек, Ата заң тек мемлекетті басқару құралы ғана емес,  әр азаматтың қадір-қасиетін қорғаушы қалқан іспеттес.

Бүгінде Конституция қоғаммен бірге дамып келеді.Уақыттың өзі талап еткен реформалар жүзеге асып, халықтың мүддесіне бағытталған өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл Ата заңымыздың өміршең құжат екенін көрсетеді. Ол заманауи сын-қатерлерге бейімделіп, болашақ ұрпаққа қызмет ету жолында жаңғыруда.

Ата заң – тәуелсіз елдің тынысы, еркіндіктің ережесі, ұлттың ұстыны. Ол – бүгінгі бейбіт күніміздің, ертеңгі кемел келешегіміздің кепілі. Әр Қазақстан азаматы оны құрметтеп, оның рухын жүрегінде ұстауы тиіс. Себебі Атазаңды сыйлау Тәуелсіздікті сақтау деген сөз.

А.Аденов,

ҚР Сот әкімшілігі Әскери соты департаментінің

Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы