
фото:Ашық дереккөз
Қабылданған түзетулер кәсіпкерлік субъектілеріне түсетін артық жүктемені азайтуға, сондай-ақ табиғи газдың сәйкестігін бағалау рәсімдерінде туындайтын бірқатар жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған. Сонымен қатар, құжатта өнімнің айналымы мен пайдаланылуына, қолданылатын терминдер мен есептеу формулаларына қатысты нақтылау жүргізілді.
Жаңа талаптарға сәйкес, газ жеткізуші ұйымдар енді сапа паспортын рәсімдеу кезінде зертханалық құрылғылармен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық талаптарына сәйкес келетін ағындық өлшеу құралдарын да қолдана алады.
Дамира Төлеген,
ЕҰУ студенті