Спорт • 26 Мамыр, 2025

Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сала министрлігі өткен аптаға шолу жасады. Қазақ спортшылары 5 спорт түрі бойынша жеңістерге жеткен, деп жазады Egemen.kz.

Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері

Фото: Turizm jane sport ministrligi

Әуесқой бокс: Шри-Ланканың Коломбо қаласында U22 Азия чемпионатына барлық салмақ бойынша 50 спортшымен қатысқан Қазақстан құрамасы 41 алтын, 6 күміс, 1 қола, барлығы 48 медаль иеленді.

Каратэ: Ташкентте Азия чемпионатында ұлттық құрама спортшылары 4 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Жүзу: Францияның Канет қаласында халықаралық турнирде Әділбек Мусин мәре сызығын екінші кесіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Үстел теннисі: Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында WTT Youth Contender турнирінде Жәния Бекмұхамбетова жеңіс тұғырына көтерілді.

Теннис: Францияның Страсбург қаласында WTA 500 турнирінде еліміздің бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина топ жарды.