Экономика • 26 Мамыр, 2025

43 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 1 мамырдағы есеп бойынша 43,4 мың отбасындағы 232,5 мың адамға 10,4 млрд сомасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

43 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

Фото: gov.kz

Осы мақсатқа бюджеттен 132,9 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкімдігінде, сондай-ақ электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

АӘК тағайындау: 

  • табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
  • табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2025 жылғы 1 мамырға АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 74,4 мың балаға 1,4 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалған;
  • жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді көздейді. 

Айта кетейік, АӘК тағайындаудың негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.