
Қайғылы оқиға мектеп бітіру құрметіне ұйымдастырылған кеш кезінде болғаны анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, түлектердің ата-аналары оқу жылының аяқталуына орай кеш өткізу үшін үй жалдаған. Сол кеш кезінде екі сыныптастың арасында жанжал шыққан. Жанжал кезінде олардың бірі екіншісіне шампур сұғып алған.
Полиция аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті оқушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
– Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері күдікті — жәбірленушінің сыныптасын анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады, – делінген хабарламада.
Қылмыс жасаған жасөспірімнің ата-анасына бала тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін айыппұл салынды.