Қоғам • 23 Мамыр, 2025

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны іске асыру мақсатында, қала тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстары негізінде, қаланы абаттандыру мен дамытуға бағытталған жоба-өтінімдер Тараз қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы «Халық қатысатын бюджет» электрондық парақшасы арқылы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда

Фото: ашық дереккөз

Тараз қаласы әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаевтың айтуынша, бұған дейін де бірнеше маңызды жоба іске асқан:

2022 жылы жеңімпаз: Төле би көшесі 11а жатақхана ауласына балалар ойын алаңшасы, 2023 жылы жеңімпаз: Ұлы Дала 15 мөлтек ауданы Түйте каналын абаттандыру, 2024 жылдың қортындысымен жеңімпаз Рахимов көшесі, №50-52 үйдың маңында балалар ойын алаңын салу және Байзақ батыра көшесі, № 207а үйдың маңында балалар ойын алаңын қайта жаңғырту қолға алынады, деді ол.

Ал 2025 жылға келіп түскен 17 жоба ұсынысы сараптамалық кеңесте қаралып, талаптарға сай келетін жобалар ашық онлайн дауыс беру үшін әкімдіктің ресми интернет-ресурсына орналастырылған.

Қала тұрғыны Әсет Лесбай бұл жобаның тұрғындармен тікелей байланысты арттырғанын атап өтті:

– Халық қатысатын жобаның артықшылығы – кез келген азамат өз бастамасын ұсына алады, дауыс беру процесі де ашық әрі қолжетімді. Жобаның ғұмыры ұзақ болып, қаламыз одан әрі көркейе берсін, – деді ол.

Сараптамалық кеңестің қорытындысы және тұрғындардың онлайн дауыс беру нәтижелері негізінде 2025 жылы іске асырылатын жобалар төмендегідей болып бекітілді:Сараптамалық кеңестің қорытындысы және тұрғындардың онлайн дауыс беру нәтижелері негізінде 2025 жылы іске асырылатын жобалар төмендегідей болып бекітілді: 

Жамбыл даңғылы, №16/3 үйдің маңында балалар ойын және көше тренажер алаңын салу; Оңтүстік көшесіне футбол алаңшасын орнату; «Аса» шағын ауданы, №10 үй алдына балалар ойын алаңын орнатып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу; «Астана» шағын ауданы, №9, 10, 11, 12 және 30-үйлердің аулаларына футбол және жаттығу алаңдарын салу.

Арайлым МЫРЗАХАН, ЕҰУ 2 курс студенті