
Алғашқы алтынды аруларымыз топтық көпсайыста иеленді. Жеңімпаз команданың сапында Айзере Кеңес, Аида Хакімжанова, Мәдина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова, Кристина Чепульская, Жасмин Жүнісбаева сынды сұлулар өнер көрсетті. Екінші орынды Оңтүстік Корея еншіледі, Өзбекстан үшінші сатыға табан тіреді.
Айбота Ертайқызы «таспа» жаттығуында алдына жан салмады, Ақмарал Ерекешева «доп пен таспада» алтыннан алқа тақты. Еліміздің құрамасы 26,65 ұпай жинап, топтық жаттығуда топ жарды. Екінші, үшінші орындарды Өзбекстан (25,15 ұпай) мен Оңтүстік Корея (24,25 ұпай) иеленді. Жерлестеріміз «3 сақина мен 2 жұп ұршық» жаттығуында да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Қыздарымыз бес алтыннан бөлек, төрт күміс пен екі қолаға қол жеткізді. Бұл жүлделер Айболта Ертайқызы, Айым Мейіржанова, Ақмарал Ерекешева, Айғаным Рысбекке тиесілі.
Жерлестерімізді жарысқа білікті маман Меруерт Балғынбаева баптап апарды.