
Дәстүрлі турнир «Жезқазған түсті металл» АҚ, Қарсақпай мыс қорыту зауытының директоры, Ұлытау, Жезді аудандарының құрметті азаматы, еліміздің еңбек сіңірген металлургі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадер Маткеновті еске алуға арналды.
Спорт додасына еліміздің он облысынан 250 балуан қатысты. Тартысты өткен жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағазы, арнайы естелік медаль, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұлытау облысы