
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, курсқа 24 адам қатысқан. Теориялық білім жетілдіріп, қорытынды емтиханнан сүрінбей өткен 20 адам ресми түрде гид-экскурсовод атанды.
Жаңа сертификат иегерлерінің бірі – Гүлжан Хиту. Бұрын психолог болып жұмыс істеген. «Гид – қалаға келген туристерге немесе жергілікті тұрғындарға тарихи-мәдени нысандарды таныстырып қана қоймай, экскурсия барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маман. Мен бұл курстан көптеген жаңа ақпарат алып, гид болудың барлық қыр-сырын меңгердім», дейді Гүлжан Хиту.
Оның пікірінше, гидтің басты міндеті – туристермен тез тіл табысып, дұрыс бағыт беру.
«Алдымен адам психологиясын түсіну қажет. Бұл – туристермен оңай байланыс орнатып, әсерлі экскурсия ұйымдастыруға сеп болады», дейді Гүлжан Хиту.