Төтенше жағдай • Бүгін, 19:59

Атырауда былтыр 8 жасөспірім суға батып, 12-сі терезеден құлаған

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда өткен жылы 13 адам суға батып кеткен. Оның ішінде кәмелетке толмаған 8 жасөспірім бар.

Атырауда былтыр 8 жасөспірім суға батып, 12-сі терезеден құлаған

Атырау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Сәбит Борашевтың айтуынша, жазғы кезеңде балаларды қараусыз қалдыру өкінішке ұласар оқиғаға ұрындыруы мүмкін.

«Ата-аналар балаларын үйінде, су айдындарының жағалауында қараусыз қалдырады. Мұндай немқұрайлықтың салдарынан опық жейтінін ұғысғысы келмейді. Мәселен, былтыр Атырау қаласында шомылу маусымында 13 адам суға батып кетті. Өкінішке қарай оның ішінде кәмелетке толмаған 8 бала бар. Ал 12 бала терезеден құлады», дейді Сәбит Борашев.

Оның айтуына қарағанда, биыл оқыс оқиғаның алдын алу шаралары күшейтілген.

«Су айдындарының жағалауына 150-ден астам ескерту белгісі орнатылды. Енді тағы қосымша 50 белгіні орнату көзделіп отыр. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қауіпті аумақтарды бақылауға алып, кезекшілік жүргізіп отыр», деді Сәбит Борашев.