Қоғам • Бүгін, 17:15

Жазда Балқашқа дейін қосымша пойыздар қатынайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы жазда Балқаштың курорттық аймағына қосымша пойыздар жіберіледі, деп хабарлады Egemen.kz ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жазда Балқашқа дейін қосымша пойыздар қатынайды

Астана, Семей, Алматы және Қарағанды облысынан (Мойынты, Саяқ) Балқаш бағытына 10 теміржол маршруты қатынайды:

  • № 54/53 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына екі рет);

  • № 254/253 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына екі рет);

  • № 122/121 «Нұрлы жол – Семей» (жұп күндері);

  • № 643/644 «Мойынты – Балқаш» (күнара);

  • № 605/606 «Қарағанды – Балқаш» (күн сайын);

  • № 6880/6879 «Балқаш – Саяқ» (аптасына алты рет);

  • № 6877/6878 «Балқаш – Мойынты» (аптасына алты рет);

  • № 6894/6893 «Балқаш – Саяқ» (аптасына екі рет);

  • № 6817/6818 «Балқаш 1 – Балқаш 2» (күн сайын).

Сонымен қатар, 1 маусымнан 31 тамызға дейін, тақ күндері күнара № 219/220 «Қарағанды – Балқаш» бағыты бойынша субсидияланатын жүрдек пойыз жүреді. Оның құрамында төрт плацкарт және екі купе вагоны бар.

Балқаш көліне жеке көлікпен «Орталық – Оңтүстік» төрт жолақты автожолымен баруға болады. Астанадан жолға кететін уақыт шамамен 5–6 сағатты құрайды.