Ғылым • 21 Мамыр, 2025

Университет кітапханасы жаңғыртылды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде кітапхана қызметін жаңғырту бағытында бірнеше жоба жүзеге асырылды.

Университет кітапханасы жаңғыртылды

Мұнда Амангелді Айталы атындағы ақпараттық-зерттеу хабы ашылып, Open Space форматындағы жаңа оқу аймақтары пайдалануға берілді және RFІD технологиясымен автоматтандырылған жүйелер енгізілді. Студенттердің  сессия уақытында  электронды оқулықтармен дайындалуына жағдай жасау мақсатында  кітапхана жұмыс кестесін кеңейтті, деп хабарлайды  egemen.kz.

Енді университет кітапханасы сенбі және жексенбі күндері де үзіліссіз жұмыс істейді. Студенттердің бас қосуына, олардың шығармашылық-интеллектуалдық дамуына мүмекіндік туғызу  көптеген тың бастамаларға жол ашты.

Мәселен, осы орталықта  bookmovіe-талқылау, арт-терапия, coffee-tіme, үстел ойындары сияқты түрлі шаралар жиі ұйымдастырылады. Өңірлік университет кітапханасын 24/7 форматында  жұмыс істеуге көшіру туралы  осыдан бірнеше жыл бұрын басталған жоба жақсы нәтиже беріп, оқытушылар мен студенттер арасындағы әріптестік қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтерді.

Ақтөбе облысы.