Төтенше жағдай • Кеше

Баянауыл ұлттық паркіндегі өртке электр кернеуіне түскен сауысқан себепкер болған

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәуір айының басында Баянауыл ұлттық паркінің жерлері жанған болатын. Төтенше жағдай қызметінің мамандары өрттің шығу себебін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Баянауыл ұлттық паркіндегі өртке электр кернеуіне түскен сауысқан себепкер болған

Ұлттық парктегі өрт оқиғасынан соң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тексеру тағайындаған. Оның нәтижесінде табиғатқа келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгеден асатыны мәлім болды.

Өрттің шығу себебі де анықталды. Сауысқан ұлттық парк аумағындағы электр желісіне қонып, өртенген. Одан әрі жерге құлап, құрғап тұрған қалың шөп лап ете қалған.

- Қызметтік тексеру нәтижесінде жанған жерлердің аумағы 20 гектар екені анықталды. Ал Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тілсіз жаудың тұтануына электр кернеуіне түсіп өртенген құс себепкер деген қорытындыға келді,-дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Шамиль Елубаев.

Павлодар облысы