Аймақтар • 21 Мамыр, 2025

Ұлытаулықтар мәдениет майталмандарын ұлықтады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақордадан Ұлытауға ақжолтай жаңалық жетті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстанның халық әртісі, Ұлытау облысының Құрметті азаматы Қайрат Байбосыновқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын және «Сәтбаев қаласының Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Гүлнар Қожахметоваға «Ерен еңбегі үшін» медалін табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытаулықтар мәдениет майталмандарын ұлықтады

Мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысып, Мемлекет басшысының қолынан лайықты бағасын алған қос марапат иесін Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков құттықтады.

«Мәртебелі марапаттар – облысымыздың мәртебесін асқақтатып, баршамызды қуанышқа бөледі. Бұл – жерлестеріміздің ұзақ жылғы еңбектерінің еленіп, мәдениет пен өнерге сарп еткен алтын уақыттарының жоғары бағасын алғанын көрсетеді», деді аймақ басшысы.

Ұлытау облысы