Білім • Бүгін, 11:16

Ауыл мектебінің түлегі 36 шетелдік университеттен шақырту алды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Қапланбек ауылдық округіндегі Қанағат ауылында орналасқан №7 Төле би атындағы жалпы орта мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан шетелдің 36 беделді жоғары оқу орнынан шақырту алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл мектебінің түлегі 36 шетелдік университеттен  шақырту алды

Фото: Ашық дереккөз

16 жастағы Ақжүніс  халықаралық қатынастар мамандығын таңдаған.Түлек АҚШ-тың – 17, БАӘ-нің – 5, Түркияның – 6, Малайзияның – 5 университетінен толық грант жеңіп алса, Канаданың бір оқу орнынан президенттік шәкіртақымен оқу мүмкіндігі қарастырылған.

Ұлттық бірыңғай тестілеуде 111 балл жинаған Ақжүніс мектеп қабырғасынан бері үздік оқушылардың қатарында. Ол ауыл мектебінің тарихында алғаш рет мұндай көлемде халықаралық шақырту алған оқушы.