
Фото: pgroup.ru
Осылайша ел азаматтары маусым айында 10 күн демалады. Сенбі-жексенбіден бөлек, Құрбан айттың алғашқы күнінде демалады.
- Бес күндік жұмыс аптасы — 6, 7 және 8 маусым демалыс күндері болады;
- Алты күндік жұмыс аптасы үшін — 6 және 8 маусым демалыс, ал 7 маусым жұмыс күні.
Құрбан айт — ислам дініндегі ең маңызды діни мейрамдардың бірі. Ол Зүл-хижжа айының 10-шы күні басталып, үш күнге созылады. Бұл мейрам Меккедегі қажылықтың аяқталуына сәйкес келеді және мұсылмандар үшін үлкен рухани мәнге ие.