
Бұл аталған кәсіпті игерушілерді дайындайтын республикамыздағы жалғыз оқу орыны. Қазір онда 30 адам оқып, омарташылықты игеруде.
Оқу мерзімі 1 жыл 10 ай. Солтүстіктің жазығында гүлді шөптер көп өсетіндіктен бұл кәсіппен айнылысқысы келетіндер көптеп табылуда.
Оқудың негізгі бөлігі тәжірбиелік сағаттар. Оқуға түскен азаматтар омартаны қалай құрудың әдіс-тәсілдерін далада үйренеді. Аналық, аталық, жұмысшы араларды қалай айыруға болатыны – бәр-бәрі практикалық тұрғыдан көрсетіледі. Бір кг бал жинау үшін бұл еңбекқор жәндіктер 8 млн гүлге қонып, нектарын жинайды. Әлем халықтары араны сол үшін де құрметтейді. Дәл бүгін Халықаралық аралар күні деп белгіленгені де содан.
Солтүстік Қазақстан облысы