Жасанды интеллект • Бүгін, 17:20

Мемлекеттік қызметтегі ЖИ ашықтық пен тиімділік құралы

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз хатшыларына арналған «Халықпен тиімді коммуникация үшін жасанды интеллект» атты семинар-практикум өтті. Үш күнге жалғасқан іс-шарада қатысушылар заманауи цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы мемлекеттік құрылымдар мен азаматтар арасындағы өзара байланысты жетілдіру жолдарын талқылады. Басты назар қоғаммен байланыс сапасын арттыруға, ашықтықты қамтамасыз етуге және ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтуге бағытталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік қызметтегі ЖИ ашықтық пен тиімділік құралы

Семинардың ашылуында Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов мемлекеттік саясатты түсіндіруде баспасөз қызметтерінің шешуші рөлін атап өтіп, баспасөз хатшыларының ЖИ сияқты заманауи цифрлық құралдарды меңгеруінің қажеттілігіне тоқталды. Іс-шара барысында қатысушылар мәтіндер мен бейнематериалдар құрастыру, қоғамдық пікірді талдау және күнделікті жұмысты автоматтандыру бойынша ЖИ қолданудағы практикалық дағдыларын шыңдады.

Әлихан

Грузиялық сарапшылар Ани Сирбиладзе мен Иракли Гвинианидзе баспасөз қызметтеріне жедел баспасөз хабарламарын әзірлеуге, әлеуметтік желілер үшін мазмұнды бейнероликтер мен көрнекі контент жасауға мүмкіндік беретін қарапайым әрі тиімді құралдарды таныстырды. Сондай-ақ, семинарда ЖИ технологияларын қолданудағы этикалық және құқықтық мәселелерге, мемлекеттік ақпарат қауіпсіздігіне де назар аударылды.

ЖИ

Қатысушылар семинарда алған білімдері мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы коммуникацияны барынша түсінікті, ашық және қолжетімді етуге көмектесетіндігін айтты. Жиын қорытындысында мемлекеттік коммуникация саласында ЖИ қолдануға қатысты халықаралық трендтер мен практикалық ұсыныстар қамтылған цифрлық нұсқаулық жасалып, қатысушыларға ұсынылды.

ЖИ

Семинар Астана мемлекеттік қызмет хабы бастамасымен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесе ұйымдастырылған.