
Фото: Ақәділ Рысмахан
Облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы Данияр Өтеповтың айтуынша, осы жылдың алғашқы тоқсанында 11,7 мың гектар пайдаланылмаған және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді бұл жерлер елді мекен тұрғындарының мал жаюы үшін ауылдық округтерге бөлініп берілмек. Ал, жайылым санатына жатпайтын жерлер конкурс арқылы тапсырылады.
«2025 жылдың бірінші тоқсанында бес конкурс ұйымдастырылды, оның қорытындысы бойынша айналымға 12 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері тартылды.Елді мекендердің аумақтарына қосылған босалқы жердің жалпы қоры 378 мың гектарды құрады. Осылайша, елді мекендердің жер көлемі 363 мың гектардан 741 мың гектарға дейін өсті. 2025 жылға қарай тағы 20 мың гектарға ұлғайту жоспарланған» , дейді жауапты басқарма басшысы.
Жамбыл облысы