Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Қатерлі ісікті анықтайтын ЖИ

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғалымдар қатерлі ісіктің 15 түрін қан талдауы арқылы анықтайтын жасанды интеллект жүйесін жасап шықты.

Қатерлі ісікті анықтайтын ЖИ

Ұлыбритания ғалымдары 7,5 млн адамның деректеріне сүйеніп, 15 түрлі қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтайтын алгоритм жасап шығарды. Жүйе жас, денсаулық көрсеткіштері мен қан талдауы нәтижелерін ескере отырып жұмыс істейді. Мысалы, гемоглобин мен тромбоцит деңгейінің ауытқуы қатерлі ісік қаупін көрсете алады. Жүйе көмескі белгілерді – көгеру, бел ауруы, іш кебуі, ВИЧ пен гепатиттерді де есепке алады. Жаңа әдіс бұрынғы QCancer-ден дәлірек.