
Кazinform жазғандай, Ресей президенті журналистерге дүйсенбі күні Трамп екеуінің арасында телефон арқылы болған әңгімесі екі сағаттан астам уақытқа созылғанын және оның мазмұнды болғанын айтты.
— Арада өте мазмұнды әрі ашық әңгіме болды. Ең алдымен, мен АҚШ президентіне Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісімге келу үшін тікелей келіссөздерді қайта бастауға АҚШ-тың қолдау білдіргені үшін алғыс айттым. АҚШ президенті атысты тоқтату мәселесі бойынша өз ұстанымын білдірді. Өз тарапымнан, Ресей де украин дағдарысын бейбіт жолмен реттеуді қолдайтынын атап өттім. Біз бейбітшілікке жетудің ең тиімді жолдарын анықтауымыз керек, – деді Владимир Путин BBC-ге берген түсініктемесінде.