Қаржы • Кеше

Ең жоғарғы жылдық инфляция Астана қаласында тіркелді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылыдың сәуір айында Қазақстанда жылдық инфляция жеделдеп 10,7 % (наурызда – 10,0%) болды. Осылайша жылдық инфляция қарқыны еліміздің 18 өңірінде байқалады. 1 өңірде баяулап, тағы 1 өңірде бұрынғы деңгейде сақталды, деп хабарлайды iEgemen.kz.

Ең жоғарғы жылдық инфляция Астана қаласында тіркелді

Жылдық инфляцияның 13,8%-дық ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді.

Сәуірде азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 8,5%-ға (наурызда – 7,6%) дейін жеделдеді. Осы топтағы тауарлардың бағасы Ақмола облысында (11,2%) айтарлықтай жоғары өсім көрсетті. Ал Қызылорда облысы мен Алматы қаласында(6,8%-дан) төмен өсім байқалды.

Сәуірде азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 8,9%-ға (наурызда – 9,1%) дейін баяулады. Ең жоғары мән Түркістан облысында (14,8%), ең төменгі мән Павлодар облысында (5,9%) тіркелді.

Сәуірде ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 15,7%-ға (наурызда – 14,3%) дейін жеделдеді. Сонымен қатар, Алматы қаласында (20,0%) баға жалпы республикалық деңгейден жоғары, Павлодар облысында (8,6%) айтарлықтай төмен өсім көрсетті.