Ауа райы • Бүгін, 08:13

Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 19 мамырға арналған ауа райы болжамы

1 мин
оқу үшін

19 мамырда еліміздің оңтүстігінде және батыс бөлігінің кей аумақтарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар республика аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.

Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 19 мамырға арналған ауа райы болжамы

Фото: Pixabay.com

«Қазгидромет» ұсынған мәліметке сәйкес, Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +22…+24°C шамасында болады.

Алматыда да жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C ыстық болады.

Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +26…+28°C болады.

Жалпы мамыр айында ауа райы құбылмалы болатыны туралы жазғанбыз.

Ақтауда жаңбыр мен найзағай болжанған. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +18…+20°C болады.

Атырау мен Қызылордада найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Екі өңірде де желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Атырауда күндіз +28…+30°C, Қызылордада +25…+27°C ыстық болады.

Тараз бен Түркістанда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Түркістанда күндізгі ауа температурасы +26…+28°C-қа дейін көтеріледі.

Батыс Қазақстан облысының орталығы Оралда жауын-шашын күтілмейді. Алайда жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +30…+32°C-қа дейін ысиды.

Солтүстік және шығыс өңірлерде күн құбылмалы бұлтты болады. Павлодар, Семей және Өскеменде түнгі температура +1…+3°C-қа дейін төмендейді. Ал күндіз +13…+20°C аралығында болады.

Жалпы, синоптиктер тұрғындарға қатты жел мен найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Қазақстанда жаз айларында ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы

Соңғы жаңалықтар