
«Оқжетпес» – «Ақтөбе» 1:3, «Атырау» – «Жетісу» 1:1, «Елімай» – «Қайрат» 1:0, «Ұлытау» – «Астана» 0:2, «Жеңіс» – «Қызылжар» 0:0 және «Қайсар» – «Тұран» 1:0. Ал «Тобыл» мен «Ордабасы» арасындағы кездесу ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді. Осы орайда, Алматының «Қайраты» биылғы маусымда алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татқанын айта кетсек еш айыбы жоқ деп ойлаймыз.
Жарыс кестесіне келер болсақ, қоржынында 25 ұпайы бар «Ақтөбе» жеке-дара көш бастап тұр. Екінші орындағы «Қайраттың» олардан екі ұпайы кем. Үшінші сатыға «Астана» жайғасты. Елордалық клуб 21 ұпайды еншілеуде. Көш соңындағы «Ұлытау» небары екі ұпайды қанағат тұтуда. Сондай-ақ, «Атырау» мен «Жетісудің» де жағдайлары мүшкіл. Олар еншісінде небары 4 және 5 ұпайдан бар.