Спорт • Бүгін, 12:20

Өткен аптадағы спортшылардың жеңістері

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері туралы шолу ақпарат – сала министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.

Өткен аптадағы спортшылардың жеңістері

Фото: Turizm jane sport ministrligi

Пара дзюдо: Астанада әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 5 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 4-орын алды.

Көркем гимнастика: Сингапурда Азия чемпионатында Айбота Ертайқызы топ жарса, топтық сайыста Қазақстан командасы алтын және күміс жүлделер олжалады.

Шахмат: БАӘ-нің Әл-Айн қаласында классикалық шахматтан Азия біріншілігінде Ксения Балабаева қола медаль жеңіп алды.

Ауыр атлетика: Қытайдың Цзяншань қаласында Азия додасында Пётр Хребтов – қола медаль, Артём Антропов – күміс медальға қол жеткізді.

Таэквондо: БАӘ-нің Фуджейра қаласында (WT) жасөспірімдер арасында жаһандық бәсекеде жерлестеріміз ел қоржынына 2 алтын, 1 күміс, 2 қола, барлығы 5 медаль салды.

Спорттық гимнастика: Словенияның Копер қаласында Challenge Cup кезеңінде Диас Тойшыбек алтын, Зейнолла Ыдырысов күміс жүлде еншіледі.

Теннис: Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында әйелдер арасында ITF W50 турнирінде чемпион атанды. Ал ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик Италиядағы челленджер турнирінде топ жарды.