Бизнес • Бүгін, 09:15

Өндірістік тізбекті ұлғайту маңызды

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов Шымкентке келіп, мегаполистің бизнес өкілдерімен жүздесті. Сонымен қатар «Бал Текстиль» ЖШС-на арнайы барып, кілем тоқу өндірісімен танысты. Фабрика «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жылына 5 млн шаршы метрге дейін кілем өнімдерін шығарады.

Өндірістік тізбекті ұлғайту маңызды

«Атамекен» басшысы фабрикада «KMG PetroChem» ЖШС басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Диаз Дияновпен, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» компаниясының басшылығымен кездесті. Жиында «Бал Текстиль» үлгісінде отандық қамтуды арттыру мәселелері талқыланды.

Мәселен, «Бал Текстиль» тұты­натын полипропилен шикізатын фабриканың өзі шығарады. Осы секілді кәсіпорындар тауар шығаруда отандық шикізатқа көбірек иек артқаны жөн деген пікір білдірді палата төрағасы. Бұл біріншіден, отандық өндірісті шетелдік шикізат­қа тәуелділіктен арылтса, екіншіден кәсіпкерлік саласының дамуына серпін береді. Ірі кәсіпорын жанынан қосымша өндірістер ашылу арқылы жаңа жұмыс орындары пайда болады. Бұл өз кезегінде елдің әлеуметтік мәселесін шешуге септігін тигізеді. «Отандық өнім неғұрлым өзіміздің шикізатпен, жергілікті технологиямен жасалған сайын соғұрлым ұлттық экономика қарыштап дамиды», деді Р.Баталов.

«Бал Текстиль» – отандық ірі та­уар өндіруші. Осы секілді өңірлер­дегі компанияларға «Бәйтерек», «Даму» қорлары арқылы қолдау көрсетіп, жеңілдетілген несие беруді қарастыру керек. Сонымен қатар отандық компаниялар арасында оффтейк келісімшарттар түзудің де маңызы зор. Бұл келісімшарттың мақсаты – шығарылатын тауарды сатып алатын тұтынушылармен алдын ала келісімдер жасасу», деді Р.Баталов.

Айта кетейік, «Бал Текстиль» – кілем мен кілем өнімдерін шығаратын фабрика. Компания Орталық Азия нарығында да үлкен беделге ие. Кейінгі жылдары Еуропа елдері тарапынан да сұраныс күшейді.

 

ШЫМКЕНТ 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25