
«Gaokao» екі күнге созылады. Ұзақтығы – 9 сағат. Түлектер қытай тілі мен әдебиеті, математика, ағылшын және таңдау пәнінен тапсырады. Есте сақтау, логика, шапшаң ойлау – бәрі сыналады. Кей мектептерде оқушыларды емтихан залына дәрігерлер мен психологтер шығарып салады. Тіпті ата-аналар есік алдында түнеп, дұға етеді.