
Ол оқуын сонау 1936 жылы бастаған. Бакалавр дәрежесін ойдағыдай аяқтап, магистратураға түскен. Алайда Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, күйеуі әскерге шақырылған соң, оқуды тоқтатуға мәжбүр болған. Содан кейін Вирджиния отбасымен бірге Вашингтон штатына көшіп, бала тәрбиелеп, колледждер мен мектептерде басшылық қызмет атқарады. Бірақ кәсіби білімін жетілдіруді үнемі ойлап жүреді. Ақыры араға 80 жылдан аса уақыт салып, магистрлік жұмысын аяқтап, дипломын алып шығады. «Бұл сәтті өмір бойы күттім», дейді ол.