Технология • Бүгін, 11:32

Мамандандырылған ХҚКО-ларда міндетті биометрия енгізілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөлік иелері мен емтихан тапсырушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін биометриялық сәйкестендіру технологиясы іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандандырылған ХҚКО-ларда міндетті биометрия енгізілді

Мамыр айынан бастап еліміздің арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілерді суретке түсіру рәсімін енгізу басталды. Бұл шара қауіпсіздікті күшейтуге және мемлекеттік қызметтерді алу кезінде алаяқтықтың алдын алуға бағытталған. Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-ларда тұлғаны сәйкестендіруді қызмет алушы ұсынған құжат негізінде қызметкер жүргізетін. Енді рәсімдеу барысында азаматтың түрі суретке түсіріледі, одан кейін оны жүйе автоматты түрде жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында сақталған суретпен салыстырады. Бұл қызмет көрсету барысында жалған суретті немесе телефон экранындағы фотосуретті қолдануды болдырмайды. Егер азамат биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, жүйе қызмет көрсету мүмкіндігін бұғаттайды.

«Біз мемлекеттік қызмет алу жүйесіндегі ашықтықты тек ішінара ететін адами факторды жойдық. Биометриялық сәйкестендіру заң бұзушылықты азайтып, мамандандырылған ХҚКО-ларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға тікелей жол ашады. Бұл замануи технология мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін толығымен заңды әрі ашық етуге жасалған тағы бір қадам», деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Еске сала кетсек, бүгінде мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-лардан бөлек электрондық үкімет порталы, сонымен қатар ХҚКО мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да алуға болады.