Медицина • 14 Мамыр, 2025

Шаттық сыйлаған бағдарлама

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылы Президент тапсыр­масы­мен жүзеге асқан «Аңсаған сәби» бағдар­ламасының игілігін сәби сүюді аңсаған ақтөбелік отбасылар да көріп жатыр.

Шаттық сыйлаған бағдарлама

Төрт жыл ішінде осы бағдарлама арқасында өңірде дәрігерлер көмегімен аман-есен дүниеге келген 412 сәби өз шаңырақтарын қуанышқа бөлесе, қазіргі уақытта 57 әйел квота көмегімен ем қабылдап, сәби күтіп жүр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне қарағанда, 2021–2024 жылдар аралығында Ақтөбе облысында бедеулікпен бетпе-бет келген 1 365 жұп квота алса, биылғы жылдың соңына дейін 170 ерлі-зайыпты осындай мүмкіндікке қол жеткізбекші.

Бала дүниеге келгенше қаншама сергелдеңді бастан кешірген ерлі-за­йып­тылардың төзімі мен сабырын тауыса­тын жауапты да сауапты істің басы-қа­сында жүрген дәрігерлердің қызметі ерек­ше. Ата-ана болуға асыққан ерлі-за­йыптыларды психологиялық жағынан да­йындайтын да осы саланың мамандары. Бұл сәбилі болуға асыққан ер мен әйелдің ден­саулығын қалыпқа келтіруден бастап, сә­би­дің құрсақтағы дамуы мен өмір есігін аш­қанға дейінгі кезеңдерін қамтитын өте нә­зік әрі күрделі құбылыс. Бағдарлама перзент сүюді ұзақ уақыт армандаған қан­шама отбасының шаңырағын бекі­тіп қана қоймай, елдегі демографиялық ахуал­ды жақсартуға да септігін тигізіп отыр.

 

Ақтөбе облысы