ТАРАЗ. 20 маусым. Бүгін облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев кеше Тараз қаласының орталығында өртке оранып, 8 адам зардап шеккен әкімшілік ғимаратына арнайы барды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өңір басшысы облыс әкімдігінің басқармалары мен басқа да мекемелер орналасқан ғимаратты 2 күннің ішінде қалпына келтіруді тапсырды.
«Кеше түстен кейін аталған ғимаратта электр желісінің тұйықталуынан өрт шықты. Салдарынан 4 адам ауруханада жатыр. Қазір ғана мен қалалық ауруханаға барып олардың хал-жағдайын сұрадым. Олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, қажетті дәрі-дәрмектің бәрі жеткілікті. Меніңше, 2 күннің ішінде ғимаратты қалпына келтіріп, дүйсенбіден бастап барлық қызметкерлер өз жұмыстарына кірісетін болады», – деді Кәрім Көкірекбаев.
Бұдан өзге, облыс басшысының тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, кеше шұғыл жиналыс өткізілді. Қазір өңірдегі ірі өндіріс орындары мен кәсіпкерлер қалпына келтіруге жұмылдырылды.
Бүгін таңертең қалпына келтіру жұмыстары басталып, құрылысқа 200 адам тартылды. Үш сағаттың ішінде қызыл жалынды сөндіру үшін 350 адам мен 75 техника тартылды. Кеше кейбір БАҚ өрт облыс әкімі аппаратының ғимаратында тұтанды деп жалған ақпарат таратқан еді. Соған байланысты облыс әкімінің баспасөз қызметі өрттің өңір басшысы аппаратының ғимаратында емес, Тараз қаласының орталығында орналасқан әкімшілік ғимаратта болғанын хабарлады.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
• 20 Маусым, 2015
Таразда өртенген әкімшілік ғимарат 2 күн ішінде қалпына келтіріледі

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10