Байқау • Бүгін, 08:30

Озат оқушылар олжалы оралды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемнің 110 елінен 50 мың­­­нан аса оқушы қа­тыс­­­­қан Хьюстондағы «FIRST ­Championshi 2025» халықаралық инженерлік турнирінде Қазақстан құ­рамасы үш жас санаты бойын­ша рекордтық нәтиже көрсетті.

Озат оқушылар олжалы оралды

Оқу-ағарту министр­лігі та­ратқан ақпаратқа сү­йенсек, біздің балалар атал­ған беделді білім бәй­гесінде алты бірдей марапат жеңіп алып, әлемнің үздік инженерлерінің қатарынан көрінді. Ел на­мысын жеті команда қор­ғады. Жоғары санатта (12–18 жас) Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің «PID» командасы еліміз тарихында тұңғыш рет жарыстың финалына өтіп, «Motivate Award Winner» және «Division Finalist Award» деп аталатын екі марапатты ие­ленді. Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мек­­тебінің «Cristabol» командасы техникалық және техникалық емес дағдылардың үздік үйле­сімі үшін берілетін ең бе­делді марапат – «INSPIRE Award»-ты жеңіп алды. «Sana team» (Алматыдағы Білім-ин­но­вация лицейі) және «Jeltoqsun» (Қарағанды қаласындағы «Мұрагер» мектебі) командалары ро­боттар ойыны бойын­ша 258 команданың ішінен ТОП-20 қатарына енді. Орта санатта (10–16 жас) – «First Lego League Challenge» турнирінде Ас­тана қаласындағы «Skillset» мектебінің «Skillset» командасы «Champions Award» аталымы бойын­ша финалист атанды. Қара­ғандыдағы «Мұрагер» мектебінің «Rasslexx» командасы «Coopertition «Award Winner» марапатын жеңіп алды. Кіші санатта (6–10 жас) – «First Lego League Explore» бойынша Пав­лодар қа­ласындағы «Сатурн» мек­те­бінің «Atlantis» командасы «Team Model Award» марапатына ие болды.