Қоғам • Бүгін, 16:35

Үндістанға әуе рейстері қайта жанданады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Air Astana компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Үндістанға әуе рейстері қайта жанданады

Фото: Air Astana әуе компаниясы

Әуекомпания 19 мамырдан бастап Алматы – Дели – Алматы бағытындағы KC 907/908 және KC 963/964 тұрақты рейстерін бұрынғы ұшу бағыты мен кестесі бойынша қайта іске қосады.

Сондай-ақ, 14 мамырдан бастап Алматы – Мумбай – Алматы бағытындағы KC 291/292 рейстер де бастапқы бағыт бойынша орындалады.

Рейстерге қатысты жаңартылған ақпаратты мына жерден бақылап отыруға болады. 

Айта кетейік, Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Үндістанға және кері бағытта рейстер 8-мамырдан бастап тоқтатылған еді.