
Фото: kyzylorda-news.kz
Қазіргі уақытта кәсіпорындар 800-ге жуық гидротехникалық құрылысжайға қызмет көрсетеді және болашақта коммуналдық су шаруашылығы құрылымдарын тиімді басқару мен күтіп ұстауды қамтамасыз ететін нақты тікелей басқару тізбегін қалыптастырады.
«Айта кетсек, кәсіпорындардың жабдыққа қажеттілігі 415 бірлікті құрайды. Нақты атағанда, 214 (51,5%), 6307 ГТС коммуналдық меншікке өтуге жатады, 828 (13,1%) берілді. Соңғы екі айда 40-қа жуық нысан әкімдіктердің балансына беріліп, жұмыс жалғасып жатыр. Биыл коммуналдық нысандарды күтіп ұстауға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге жергілікті бюджеттен 9,4 млрд. теңге бөлінді», деді министр Н.Нұржігітов.
Министрдің айтуынша, дамудың маңызды факторларының бірі – ақпараттық жүйелер мен цифрлық технологияларды су саласына кеңінен енгізу. Аталған бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, нақты шаралар қабылданып жатыр.
Н.Нұржігітов баяндамасында, Су ресурстарын басқару саласында цифрлық технологияларды енгізудің маңызды қадамы – Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін әзірлеу болып табылатынын, аталған жобаның Еуразиялық даму банкі тарапынан бөлінген 311 млн. теңге көлеміндегі гранттық қаражат есебінен іске асырылғанын атап өтті.
Айта кетейік, бүгінде пилоттық режимде үш модуль іске қосылды:
- «Суды пайдалану» модулі 87 республикалық су қоймасы бойынша күнделікті деректерді кейіннен талдаумен жинауды қамтамасыз етеді.
- Трансшекаралық сулар модулі Қазгидрометтің 43 гидропосттар бойынша деректерін біріктіреді және каналдар мен су қоймалары үшін қолмен енгізумен толықтырылады.
- Картография модулі су объектілері, оның ішінде 250 гидротехникалық құрылыстар, сүзгілеу және визуализациямен, оның ішінде 334 гидропосттар туралы мәліметтерді көрсетеді.
«Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, биыл алғаш рет аса қауіпті аймақтардағы ықтимал су тасқыны сценарийлерін болжауға және модельдеуге мүмкіндік беретін «ТАSQYN» (Тасқын) ақпараттық жүйесі пайдалануға енгізілді.
Сонымен қатар, Министрлік Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлесіп, су қоймаларындағы судың түсу көлемін болжауға және олардың жұмыс режимін үлгілеуге арналған «TALSIM» (Талсим) гидрологиялық моделін бейімдеу және енгізу жұмысын жүзеге асырып жатыр», деді баяндамашы.
Баяндамашының сөзінше, аталған жүйе қысқа 7-15 күн және орта 3-6 ай мерзімді гидрологиялық болжамдар жасауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде су ресурстарын тиімді басқаруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға елеулі ықпал етеді. Есіл өзені (225 су алабы) және Нұра өзені (205 су алабы) бойынша гидрологиялық модельді бейімдеу аяқталған. Жыл соңына дейін еліміздегі ірі өзендердің жұмыс режимін үлгілеу толықтай аяқталатыны күтіліп отыр.
Мемлекет басшысының саланы цифрландыру жөніндегі тапсырмасы ақпараттық жүйелерді енгізумен қатар кемінде 3500 шақырым суару арналарын цифрландыруды да қамтиды.
«Осы тапсырма аясында 2024 жылдан бастап Қызылорда облысында жалпы ұзындығы 231 шақырымды құрайтын 5 каналға (Жаңашиелі, О-2, Келінтөбе, Әйтек, Сунақата каналдары) суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орнату арқылы гидропосттарды реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатар, қосымша ұзындығы 2600 шақырымнан асатын облыстың 16 магистральдік және шаруашылықаралық каналын (Қазалының сол жағы, Қазалының оң жағы, Басықара, Ақсай, Қызылорда сол жағы, Қызылорда оң жағы, Сауранбай, Сумағар, Тайыпкөл, Күркүреуік, Жаңасұлутөбе, Ботабай, Көксу, Жетікөл-Жарма, Жаңаарық) автоматтандыру үшін жобалық құжаттаманы әзірлеудеміз. Бұдан басқа, 2025-2027 жылдарға Түркістан облысында
79 каналды, Жамбыл облысында 78 каналды автоматтандыру жоспарланған. Қазір осы жобалардың жобалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін және ақпараттық жүйелер дайын болған соң, су алуды талдау және жоспарлау үшін барлық деректер Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесіне интеграцияланады», деді Нұржан Нұржігітов.
Айта кетсек, министрліктің құрылымында құрылған Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің басты міндеті – су ресурстарын заңсыз пайдалануды, есепке алуды бұрмалауды және су объектілеріндегі заңсыз әрекеттердің алдын алуды қамтамасыз ету. Бұл міндеттерді орындау үшін жаңа Су кодексі шеңберінде комитетке қадағалау функциялары мен жедел ден қою шараларын қабылдау құқығы берілді.
Комитеттің жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында қызметкерлер штаты ұлғайтылған, аумақтық бөлімдер желісі кеңейтіліп, техникалық жарақтандыруды жақсарту шаралары қабылданған.
«2024 жылы Комитеттің бассейндік инспекциялары 439 тексеру жүргізіп, 1855 заң бұзушылықты анықтады. Нәтижесінде 429 ұйғарым шығарылып, жалпы сомасы 48,4 миллион теңге болатын 582 әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдардың 92 пайызы, яғни 44,5 миллион теңгені құрайтын 556 әкімшілік айыппұл өндірілді.
2025 жылдың бірінші тоқсанында 20 тексеру жүргізіліп, 26 заң бұзушылық анықталды. Осы нәтижелер бойынша 10 ұйғарым шығарылып, 13,3 миллион теңгеге 133 әкімшілік айыппұл салынды.
Су саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық кодекске айыппұл көлемін ұлғайту бойынша (қосымша бап енгізіліп, бірқатар баптар бойынша айыппұл сомасы 5,10 есеге ұлғайтылған) өзгерістер енгізілгенін атап өткен жөн», деп түйіндеді баяндамасын министр.