
Фото: Turizm jane sport ministrligi
Дзюдо: Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде отандық спортшылар 3 күміс және 6 қола жүлде жеңіп алды.
Байдарка мен каноэде ескек есу: Қытайдың Наньчан қаласындағы Азия чемпионатында жерлестеріміз 4 алтын, 4 күміс, 4 қола медальмен жалпыкомандалық есепте Ұлттық құрама екінші орынға тұрақтады.
Велоспорт: Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Өзбекстанда мәресіне жеткен Silk Way Namangan халықаралық турнирінде 3 алтын, 1 күміс,1 қола медаль иеленді.
Ауыр атлетика: Перу астанасы Лимада өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 қола еншіледі.
Спорттық гимнастика: Болгарияның Варна қаласындағы Challenge Cup турнирінде Зейнолла Ыдырысов тұтқалы ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдегер атанды, ол 14.233 ұпай жинады.
Нысана көздеу: Чехиядағы 53rd GP of Liberation Pilsen 2025 халықаралық турнирінде 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысана көздеуден ерлер арасында Асадбек Назиркульев топ жарса, әйелдер арасында Фатима Ирназарова қола медаль иеленді.
Семсерлесу: Ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Руслан Құрбанов Боготадағы (Колумбия) Гран-при жарысында күміс жүлдегер атанды.